Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектебінде 15.12.2022жылы сағат 13:30 -да Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шарада мектеп оқушылары патриоттық әндер айтты. Мәнерлеп өлеңдер оқылды, билер биленіп, тәуелсіздікті аңсаған боздақтарға арнап көрініс көрсетілді. 1минут үнсіздік жариялап егеменді ел болу жолында жанын пида еткен қазақтың батыр ұл-қыздарын еске алды. Мектеп оқушыларында Отанға деген сүйіспеншілігі оянып, тәуелсіздіктің оңай келмегенін ұғынды.