РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «ЖАС ҰЛАН, ЖАС ҚЫРАН» БАЛАЛАР МЕН
Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 24-қазан күні РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «ЖАС ҰЛАН, ЖАС ҚЫРАН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА МҮШЕЛІККЕ ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ БОЛЫП ӨТТІ. Мақсаты: «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, 2 және 5 - сынып оқушыларын «Жас Қыран» «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылдау, оқушыларды өз Отанын сүюге, өз елі мен халқының тарихын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.