18
қараша
2024
«Жошы - қазақ хандарының атасы» /(Жошы ұлысының құрылғанына - 800 жыл) тақырыбында танымдық сағат өтілді.
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атындағы N44 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
«Оқуға құштар мектеп» және « Балалар кітапханасы»бағдарламасын іске асыру мақсатында , 6 «Ә» сыныбында «Жошы - қазақ хандарының атасы» /(Жошы ұлысының құрылғанына - 800 жыл) тақырыбында танымдық сағат өтілді. Сабақтың мақсаты - білім алушылардың Шыңғыс ұрпақтарының Еуразия кеңістігінде билік құруы, оның ішінде Алтын Орда –Жошы ұлысының құрылу себебі, саяси тарихы мен мемлекеттің сыртқы шабуылдарға ұшырауы және құлау себебін білу. Моңғол шапқыншылығының Қазақ хандығының құрылуына әсерін түсіндіру. Іс-шараны тарих пәнінің мұғалімі Қазбекова Майра апай Жошы хан жайлы толық мағлұмат беріп,қазақ халқының төл тарихына оқушыларды қызықтыру арқылы тарихты ұмытпауға шақырды.
Кітапхана меңгерушісі Болысбекова Гульвира кітап көрмесін жасап,таныстырып шықты.Кітапханаға сынып оқушыларын кітап оқуға шақырды.Іс-шара балаларға ұнады.https://www.facebook.com/share/p/161QLaXZVw/?mibextid=wwXIfr