Біз жастар терроризмге қарсымыз ! » «№44 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (771) 973-65-79
Есепші бөлімі:
+7 (771) 973-65-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біз жастар терроризмге қарсымыз !
14
желтоқсан
2021

Біз жастар терроризмге қарсымыз !

Терроризм дегенде алдымен «Қыл­­­мыс­тың артында кім тұр және неге сон­дай қылмысқа барды?» деген сұрақ туа­ды. Бұл тұрғыда кейбір принциптік мәселелерге мән беруіміз қажет. Бірін­шіден, сәләфилікке ерушілердің діни сені­мі мен ұстанымы біздің қоғам мен мемлекетке қарсы агрессиялық сипатта екені белгілі. Ал адам баласының бойында қалыптасқан мұндай көзқарас түбінде бір теріс іс-қимылға айналуы әбден мүмкін. Елімізде және ше­тел­дерде дін негізінде орын алып жат­қан оқиғалар осының айқын дәлелі. Нақ­тырақ айтсақ, 2011-2012 жылдары Ақтөбе, Атырау және Тараз қалаларында, 2016 жылы Ақтөбе мен Алматыдағы оқи­ғалар терроризмге негізделген уахаб­шылдық идеяның нәтижесі. Екіншіден, ғаламтордағы бейнематериалдардан жастардың бойындағы діни агрессия ойланбастан қан төгуге, тіпті өзінің өмірін қиып жіберуге бар екенін танытады. Олардың діни сауаты таяз. Себебі аталған ағымның ерушілері ғана емес, уағызшыларын да діни сауатты деуге келмейді. Себебі оларға пәтуа (нұсқау) беріп, бағыттап отырған белгілі тарап бар және осы тарап қажет кезінде оларды өзінің қолшоқпары ретінде пайдаланады. Мәселен, 2011-2012 жылғы оқиғаларға ешкім танымайтын Әбу Мунзир әш-Шинкити деген шейхтің пәтуасы себеп болған еді. Үшіншіден, еліміздегі басқа сәләфилер бұл оқиғаларды жасаушы топты ДАИШ-пен байланыстырып әлек. ДАИШ-тің теологиялық және діни идеологиясының сәләфилік екенін ешкім жасыра алмайды. Демек діни астар мен идеологиялық база ортақ. Біз сәләфилік ағымға қатыс­ты есебімізден жаңылмау үшін оны назар­дан тыс қалдырмауымыз керек. Төртіншіден, осы оқиғалар елімізде сәләфилікке қатысты батыл саяси шешім қабылдауға қосымша қатаң негіз болады деп үміттенемін. Біз осы уақытқа дейін сәләфилік идеяға ерушілерді «байсалды және радикалды» деп бөліп келеміз. Ал сол «байсалдылардың» қоғам мен ұлтқа қарсы агрессиялық көз­қарастары қай уақытта іс-әрекетке айналатынын білмейміз. Сонымен қатар терроризмнің әлеуметтік-құқықтық және криминоло­гиялық қыры, террорлық бағыттағы қылмыстардың құрылымы мен динамикасы, терроризмнің таралуы мен дамуының себептік-факторлық кеше­ні де бар екенін ескерген жөн.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив