«ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА!»челленджі » «№44 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-45
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ақпан
2025

«ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА!»челленджі

https://www.facebook.com/share/p/16HHAehu8b/?mibextid=wwXIfr   
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  Б.Момышұлы атындағы N44 жалпы орта білім беретін мектебінде
« Балалар кітапханасы»бағдарламасын іске асыру мақсатында «ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА!»челленджі  аясында«Өзің оқы,досыңа сыйла» акциясы ұйымдастырылды.
14 ақпан-Халықаралық кітап сыйлау күні, бұл кітап оқуды сүйетін және ұнататындардың мерекесі. Әдетте бұл күні бір-бірімен кітап алмасады  немесе бір-біріне сыйға тартады. Акцияның мақсаты: оқырмандардың  өз бетінше оқуын дамыту, көркем әдебиетті, шетел классик жазушыларының  туындыларын насихаттау. Кез келген оқырман өзі оқыған кітабын досына, танысына, кітап сүйер оқырманға ұсынуына да болады. Акция барысында оның қатысушылары тек кітаптармен ғана емес, сүйікті кітаптары/авторлары туралы қызықты әңгімелерімен де бөлісіп және мектеп кітапханасының қорын заманауи басылымдармен толықтырды.
Айта кетейік бұл мереке кітапсүйер қауым үшін ерекше күн болып саналады. 
Кiтап – жақсы дос, рухани  азық. Сондықтан да бiр-бiрiмiзге сүйіспеншілікпен кітаптар сыйлайық!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив