07
ақпан
2025
Бердібек Соқпақбаевтың”Балалық шаққа саяхат” шығармасына талдау жасалды.
https://www.facebook.com/share/r/1UT29H1XUk/?mibextid=wwXIfr
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атындағы N44 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
«Оқуға құштар мектеп» және « Балалар кітапханасы»бағдарламасын іске асыру мақсатында ұстаздар арасында Бердібек Соқпақбаевтың”Балалық шаққа саяхат” шығармасына талдау жасалды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Батыр Исатай шығарма
желісі бойынша қысқаша шолу жасады.
“Балалық шаққа саяхат” Бердібек Соқпақбаев – өзі өмір сүрген кезеңнің келбетін боямасыз суреттеген қаламгер. Ашаршылық пен жетімдіктің зардабын тартқан жазушы “Балалық шаққа саяхат” повесінде балғын балалығының қиындыққа толы болғанын жеткізген. Анасы ұзақ уақыт науқастанып, көз алдында өмірден өтеді. Бұл шығармада сегіз жастағы бұғанасы қатпаған бала Бердібектің бір үзім нан үшін ауыр жұмысқа жегілгені, кішкентай інісі Тұрдыбектің тоқтаусыз жылағаны, жетімдіктің зардабын шеккен қиын күндері яғни балалық шағының ауыр күндері бейнеленген. Шығарма талдау барысында ұстаздарымыз шығарма желісі бойынша өз ойларымен бөлісті.