Оқуға құштар мектеп.Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай » «№44 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (771) 973-65-79
Есепші бөлімі:
+7 (771) 973-65-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқуға құштар мектеп.Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай
01
наурыз
2022

Оқуға құштар мектеп.Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай

Б. Момышұлы атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында "Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына" орай 01.03.2022 күні 8-9-сыныптар арасында кездесу өтті. Кездесу барысында мектеп директоры З.С.Серик оқушыларға бүгінгі заман талабына сай білім беру жүйесіндегі көркем әдебиеттің алатын орны мен қажеттілігі туралы айтып өтіп, оқушылармен "Мұхтартану" ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы, әдебиеттанушы ғалым, Саяси-қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының Шымкент қалалық жұмысшы топ мүшесі АҚЖОЛ БАТЫРҰЛЫ ҚАЛШАБЕК және гуманитарлық ғылым магистрі Әзімхан Исабек қатысып Мұхтар Әуезов еңбектерінің маңыздылығын талқылап өзара ашық пікір алмасты.

Шараның мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша тұлға – Мұхтар Әуезовтың халықтық тәлім-тәрбиелік шығармаларын жастардың бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту арқылы жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив