2022 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауына пікір » «№44 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (771) 973-65-79
Есепші бөлімі:
+7 (771) 973-65-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауына пікір
05
қыркүйек
2022

2022 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауына пікір

Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы білім беретін мектебінің ата-аналар назарына!  
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар! 
     Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы білім беретін мектебінен  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  мемлекет басшысы ретінде 2022 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауына пікір:                                              
    - Бүгінгі 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға аян. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі « Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам » атты жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолында арналған  жаңа жолдау ел дамуы мен  халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. 
     Ел Президенті өз жолдауында, қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, қала берді мемлекеттік басшылықта отырған депутаттар мен министрлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсының міндетін, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды санамалап айтып өтті.                                                     
Қандай заман, қай қоғам болмасын білім алуды ешқашан шетке ысырып қойған емес.Қазіргі қоғам білімді жастардың қоғамы. Жас буынға білім беру жолында еңбек етіп жүргендіктен білім саласында болып жатқан барлық өзгерістер мен жаңалықтар менің жаныма жақын. Президентіміз балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп атады.Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынды.Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды.Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатындығын атап өтті.Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді.
Ел Президенті дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе,өз жолдауындағы мәселе ретінде білім беру саласына тоқталып өтті. Мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайыз аралығында болады.Білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі.
Өзім де ұстаз ретінде мемлекет тарапынан жасалып отырған әрбір көмек бізді жігерлендіре түседі дегім келеді. Мен еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш жігерімізді сала отырып, еңбек ету біздің басты парызымыз санаймын-деп Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих-география пәнінің ұстазы Мамакова Мадина өз ойын білдірді.
Жаңа оқу жылымен!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив