20
қаңтар
2025
Міржақып Дулатұлының "Бақытсыз Жамал"шығармасына талдау жасалды.
https://www.facebook.com/share/v/15pvyfR6ov/?

кітап оқып ,рухани бай болайық достар!
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атындағы N44 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
«Оқуға құштар мектеп» және « Балалар кітапханасы»бағдарламасын іске асыру мақсатында 8" Б" сынып оқушылары арасында Міржақып Дулатұлының "Бақытсыз Жамал"шығармасына талдау жасалды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Батыр Исатай шығарма
желісі бойынша қысқаша шолу жасады. Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. "Бақытсыз Жамал" романына талдау жасау барысында, Kahoot — ойын түріндегі оқыту платформасын пайдалана отырып,оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырды.

