27
қараша
2024
Шерхан Мұртазаның "Бесеудің хаты" шығармасына талдау жасалды.
https://www.facebook.com/share/p/15EBMzA5z1/?mibextid=wwXIfr
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атындағы N44 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
«Оқуға құштар мектеп» және « Балалар кітапханасы»бағдарламасын іске асыру мақсатында ұстаздар арасында Шерхан Мұртазаның "Бесеудің хаты" шығармасына талдау жасалды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Батыр Исатай шығарма
желісі бойынша қысқаша шолу жасады. Шерхан Мұртаза кейіпкерлерді мінез-құлқына дейін ашып, әрі қарай жан дүниесін көрсетіп, өз шеберлігін пайдаланады. Сол бір қиын шақта , елім деп бар шындықты бүкпесіз айту, зиялы топтың ішінде бесеудің шығуы, бұл халықтың басындағы тұманнан аласартпақ болған
шыншылдарымыздың ісі.Қазақ зиялылары Сталинге, Голощёкинге елдің жағдайын жеткізбекші болып хат жазуға бекініп ,елдің жағдайын бүкпесіз айтады. Халықтың жаппай қырылғаны жайлы,мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып ,сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды.
Шығарма талдау барысында ұстаздарымыз шығарма желісі бойынша өз ойларымен бөлісті.