15
қаңтар
2025
Мархабат Байғұттың "Қозапая" шығармасына талдау жасалды.
https://www.facebook.com/share/v/1He3zxK3oz/?mibextid=wwXIfr
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атындағы N44 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
«Оқуға құштар мектеп» және « Балалар кітапханасы»бағдарламасын іске асыру мақсатында ұстаздар арасында Мархабат Байғұттың "Қозапая" шығармасына талдау жасалды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Батыр Исатай шығарма
желісі бойынша қысқаша шолу жасады.
Мархабат Байғұт "Қозапая" шығарма кейіпкерлерін мінез-құлқына дейін ашып, әрі қарай жан дүниесін көрсетіп, өз шеберлігін пайдаланады. Шығармада саудамен жүріп
хабар-ошарсыз кеткен Есқараның анасы,
ақыр соңында жалғыз тіршілік көзі
арбакештігінен айырылған Ерсәлім ,жалғыз қалған баласы Есқараны асырай
алмай ,күйіктен өртенеді .Оқиға шарықтау шегінде қалып қояды.
Тағдыр сынауынан жол таба алмай, әлсіздік танытқан Есқараның ісінің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізіп, үкім шығаруды оқырманға қалдырады.
Бұл шығармада идея жоқ деп айтуға болады ма? Мұндағы идея-қоғамдағы
әділетсіздік. Адамгершілікті белінен басып, жеке бастың мүддесі үшін мансап бабын пайдалану . Жазушы осыны тап басып, тани білген.
Демек, идея-жазушының айтпақ болған ойы,сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер едік.
Шығарма талдау барысында ұстаздарымыз шығарма желісі бойынша өз ойларымен бөлісті.