"Оқуға құштар мектеп "
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
"Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында "Оқырман мұғалімдер" клубы мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Онда жас мамандармен бірге жазушы Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" повесі талқыланды.Соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз ететін шығарма.
Сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі қаз қалпында суреттеледі. Повестің түйіні жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына түссе де, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үміттен түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін бойында сақтап қалуға тырқарапайым жандардың ізгілікке толы кең жүрегін, асыл адамгершілік қасиеттерін ашып, қаламгерді ірі суреткер ретінде танытқан. Ал біздің мақсатымыз оқырмандардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, шығармадағы құндылықтарды өмірде іс жүзінде пайдалана білу.
Адамның досы кітап. өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлкі.
Ақылшы жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ғой қазынасы, өмір көркі дегендей кітап оқып, рухани бай болайық достар.

